ШҚО-да қар көшкінін түсіру жалғасуда

13 Наурыз 2025, 22:51
472
Бөлісу:
ШҚО-да қар көшкінін түсіру жалғасуда
Фото: скрин

Шығыс Қазақстан облысында "Қазселденқорғау" ШҚ филиалы мен ШҚО ТЖД мамандары қар көшкінінің өздігінен түсуіне жол бермеу мақсатында "Өскемен-Алтай" автожолында кезекті профилактикалық түсіруді өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиналған қар, көлемі 1420 текше метр, 4 учаскеден тасталды. Мұндай шаралар маршрут пен осы аймақта күнделікті жүретін жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті, – деп жазылған ТЖМ мәліметінде.

Сонымен қатар ТЖМ қар көшкінінің қаупі туралы дауылды ескертулерді алған кезде оларды назардан тыс қалдырмай, тауға барудан бас тарту қажет екендігін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы