8 қаңтар, сағат 10-00-де ШҚО-да жолдарының бірінде жасанды жолмен қар көшкіні түсіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазселденқорғау» мекемесінің ШҚО филиалына сілтеме жасап.
Облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 95-102 шақырымы профилактикалық мақсатта қар көшкіні түсірілетіндіктен жабылады. Көлік жүргізушілеріне өз маршруттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - делінген ақпаратта.
Қыс басталғалы бері Шығыс Қазақстанда 15 рет профилактикалық қар көшкіні жүргізілді. Соның нәтижесінде жалпы көлемі шамамен 6665 текше метр қар түсірілген.