ШҚО-да қар барысын іздеу басталды

8 Ақпан 2023, 21:09
1293
Бөлісу:
ШҚО-да қар барысын іздеу басталды
Фото: greenpeace.ru

Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры Шығыс Қазақстанда қар барысын іздеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Экспедиция кезінде зоологтар мен инспекторлар фототұзақ орнатып, бұрынғы камераларды тексереді. Сондай-ақ заңсыз құрылған аулар мен қақпандарды алады. Бұл туралы  Altaynews жазды.

Мамандар барыстың биологиялық материалын жинап, молекулалық-генетикалық талдау жүргізуге ниетті.

«Катонқарағай ұлттық паркінде кемінде үш, әйтпесе алты қар барысы бар. Негізгі мекені – Қатын жотасы екі мемлекеттің шекарасында орналасқан. Бұл сирек кездесетін тау тағысын қорғауды қиындатып тұр», - дейді Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының Алтай-Саян экоаумағындағы өкілдігінің аға  үйлестірушісі Александр Карнаухов.

Шығыс Қазақстандағы қар барысын зерттеу үшін Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының қызметкерлері зерттеудің заманауи әдістерін қолданады.

 

Өзгелердің жаңалығы