ШҚО-да өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионат өтеді

26 Ақпан 2024, 21:21
387
Бөлісу:
ШҚО-да өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионат өтеді
Фото: Арман Мухатов -архив

ШҚО-да ҚР ТЖМ "Өскемен-2024" өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында ХХХІІ, әйелдер арасында Х, жасөспірімдер арасында ІХ қысқы чемпионат өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

Ел чемпионаты 28 ақпан мен 1 наурыз аралығында Өскемен қаласында өтеді.

Чемпионатқа республиканың түкпір-түкпірінен 22 команда қатысады деп жоспарланып отыр. Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер командасы айтқанда 4-қабаттың терезесіне шабуыл сатысы бойынша көтерілу және 100 метрлік кедергілері бар жолақты жүгіріп өту бойынша сынға түседі.

Өрт сөндіру-құтқару спорты – жеке, топтық сынақта өрт сөндіру практикасында қолданатын әртүрлі тәсілдер кешенін орындау болып табылатын спорттың қызметтік-қолданбалы түрі.

Қысқы чемпионат ШҚО ТЖД спорт манежінде өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы