ШҚО-да өрт космомониторинг әдісімен бақыланады

25 Сәуір 2022, 19:25
1283
Бөлісу:
ШҚО-да өрт космомониторинг әдісімен бақыланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құтқарушылар жаңа технологиялардың көмегімен жиі өрт шығатын 150-ден астам орынды бақылап отыр, деп хабарлайды altaynews.kz.

Күн жылынғалы бері Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары күшейтілген қызмет режіміне көшті. Қазірдің өзінде абайсызда болған 400-ден астам өртті сөндіріп үлгерді.

Ал өрттің тұтанғанын бірден анықтау үшін облыстық ТЖД қызметкерлері космомониторинг әдісін қолданады. 4 сәуірден бастап құтқарушылар 152 орынды (термонүкте) жедел пысықтап шықты. Термонүктелер туралы тиісті деректерді «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және «Geosat» ЖШС жинайды.

Заманауи бағдарламаның көмегімен 24/7 форматында ғарыштан сурет түсіріліп, деректер жедел қабылданады және сақталады, – деп толықтырды ШҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы