ШҚО-да оқушылар тағы да онлайн оқиды

9 Ақпан 2024, 11:00
337
Бөлісу:
ШҚО-да оқушылар тағы да онлайн оқиды
Фото: BAQ.KZ -архив

Шығыс өңірінде күн райының қолайсыздығына байланысты оқушылар тағы да онлайн оқитын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасының ақпаратына сүйенсек, Шемонаиха ауданында 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайды. Тек 10-11 сынып оқушылары ғана штаттық режимде оқиды.

Ұлан ауданында Райымжан Мәрсеков атындағы мектептің 1-6 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматы бойынша білім алады.

Ал Глубокое ауданында мектептері 1-ші ауысымда Тарханка, Предгорное, Винное, Секисовка ауылдарының 0-11сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқытуға көшті.

Өзгелердің жаңалығы