ШҚО-да оқушылар арасында веложарыс өтеді

1 Тамыз 2023, 18:00
618
Бөлісу:
ШҚО-да оқушылар арасында веложарыс өтеді

Шығыс Қазақстан облысында «Қазақстан оқушысы-2023» деп аталатын көпкүндік велосипед жарысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.

Бұл спорт бәсекесі жыл сайын өтеді. Облыстық білім басқармасы веложарыстың 1-10 тамыз аралығында болатынын мәлімдеді.

ҚР Білім министрлігінің Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығының спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес «Қазақстан велосипед спорты федерациясы» РҚБ-мен бірлесіп 2023 жылғы 1-10 тамыз аралығында ШҚО аумағында «Қазақстан оқушысы-2023» 53-ші дәстүрлі көпкүндік велосипед жарысы өткізіледі, - деп жазылған хабарламада.

Ұйымдастырушылар іс-шараның бірқатар мақсаты бар екенін атап өтті. Мәселен:

- оқушылар арасында велосипед спортын насихаттау;

- еліміздің құрама командасының резервін қалыптастыру үшін дарынды велосипедшілерді анықтау;

- Қазақстан Республикасының өңірлерінде осы спорт түрінің даму деңгейін анықтау.

«Қазақстан Оқушысы-2023» веложарысының ашылу рәсімі 2 тамызда сағат 10.00-10.30 аралығында «ШҚО үстел теннисінен МБЖОРСМ» КММ-да (Сәтбаев даңғылы, 82/8) болады.

Өзгелердің жаңалығы