ШҚО-да өнеркәсіп саласында 65 жаңа жұмыс орны ашылады

11 Маусым 2022, 01:24
1165
Бөлісу:
ШҚО-да өнеркәсіп саласында 65 жаңа жұмыс орны ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Кеше ШҚО әкімі Даниал Ахметов титан-магний комбинаты үшін шикізат болып табылатын ильменит кенін өндіруге мамандандырылған Сәтбаев тау-кен байыту кәсіпорнына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Altaynews.

Кен байыту комбинатының қуаттылығы жылына 15 мың тонна концентрат. 2018 жылы қуаты 25 мың тонна болатын екінші фабриканың құрылысы басталып, қазір ол жерде кестеге сәйкес тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүріп жатыр екен.

Осы жылдың өзінде кәсіпорын жобалық қуатына шығады деп күтілуде. Осылайша, біз ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қазақстандық шикізат пен үлесінің пайызын арттыру туралы тапсырмасын орындаймыз. Екі фабриканың жұмысы ТМК өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге, 65 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, - дейді аймақ басшысы.

Сондай-ақ Даниал Ахметов екінші фабрикада кәсіпорын жобасына сәйкес ауқымды тау-кен байыту кешеніне вахталық кент пен жолдар салынатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы