ШҚО-да гематология орталығы үшін мамандар дайындалып жатыр

20 Сәуір 2022, 16:38
1300
Бөлісу:
ШҚО-да гематология орталығы үшін мамандар дайындалып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО әкімі Даниал Ахметов Денсаулық сақтау басқармасының басшысымен кеңес өткізіп, Өскемендегі гематология орталығы үшін кадрлар даярлау мәселесін талқылады, деп хабарлайды Алтайньюс.

Аталмыш орталық үшін дәрігерлердің бір тобы оқу курсынан өткен, қазіргі уақытта екінші бригада өз біліктілігін арттыруда. 

Мамыр айында 20 маман балалар гематологиясына мамандандырылған Алмазов пен Рогачевтің ғылыми-зерттеу орталықтарына барады. Біз жаңадан келгендерді емес, осы бағытта тәжірибесі бар дәрігерлерді жіберетінімізді атап өтемін. Осылайша, орталық ашылған кезде ол заманауи медициналық техникамен жабдықталып қана қоймай, барлық дәрігерлер жаңа технологияларды енгізуге дайын болады, - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ айта кету керек, Өскемен қаласының 4-ші қалалық ауруханасының базасында орта медициналық персоналға арналған симуляциялық жабдығы бар мектеп ашылмақ.

Қабылданған оқыту бағдарламасы аясында қазір 57 дәрігер шетелде, Германия, Израиль, Литва және Ресейдің үздік клиникаларында аттанып, акушерлік, хирургия, онкология және травматология салалары бойынша өздерінің кәсіби деңгейлерін арттыруда.

Өзгелердің жаңалығы