ШҚО-да есірткі дүкенін ашқан ауыл тұрғыны ұсталды

24 Ақпан 2022, 03:20
1214
Бөлісу:
ШҚО-да  есірткі дүкенін ашқан ауыл тұрғыны ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны есірткі саудалайтын онлайн-дүкен ұйымдастырған. Оның тұтынушылары көршілес Өскемен қаласының тұрғындары болып шықты.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, ауыл тұрғыны есірткі саудалауы мүмкін деген күдікке ілінген.

Қаңтар айының соңында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Глубокое ауданы, Опытное поле ауылының 41 жастағы тұрғынын ұстады.

Оның үйінен тінту кезінде ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заты бар полимер қапшықтар табылды. Сараптамалық қорытындыға сәйкес, тәркіленген зат салмағы 159,43 грамм кептірілген марихуана болып шықты, — деді ШҚО ДП басшысы Нариман Күлдіков.

Өзгелердің жаңалығы