ШҚО-да бірқатар мектеп онлайн форматқа ауысты

15 Қаңтар 2024, 10:15
353
Бөлісу:
ШҚО-да бірқатар мектеп онлайн форматқа ауысты
Фото: Артём Чурсинов -архив

Шығыс өңірінде бірқатар мектеп бірінші ауысымда онлайн форматта оқытады, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасының ақпараты бойынша Күршім ауданындағы Қайыңды, Сарыөлең, Алғабас, Құйған, Қойтас және №1,3,4,5 Күршім орта мектептерінің 0-11 сынып, Қыстау-Күршім, Қалжыр, Бурабай,Үшбұлақ,Теректібұлақ, Қайнарлы, Төсқайың, Қарашілік, Қарой орта мектептерінің 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқиды.

Сондай-ақ Шемонаиха, Алтай, Самар аудандарында бірқатар білім мекемесі онлайн форматқа ауысты.

Ал Тарбағатайда 12 мектептің 0-11 сынып оқушылары білім мекемесіне бармайды.

Катонқарағай ауданында 9 мектеп онлайн оқытады.

Өзгелердің жаңалығы