ШҚО-да бірнеше мектеп MektepMenu қызметіне қосылды

23 Қараша 2022, 17:55
807
Бөлісу:
ШҚО-да бірнеше мектеп MektepMenu қызметіне қосылды

MektepMenu қызметінің көмегімен ата-аналар мектептегі ас мәзірімен танысып, ас мәзірін реттей алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Altaynews жазды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі жақында барлық мектептерді мектеп асханаларында ұсынылатын тамақтану туралы толық ақпаратты жариялауға міндеттеген болатын. Сондықтан "Күнделік" ЖШС компаниясының қолдауымен mektepmenu коммерциялық сервисі әзірленді. Аталмыш сервиске бүгінгі күні ШҚО-дан 4 мектеп қосылған. Қалған мектептер 2022/2023 оқу жылының басында кезең-кезеңімен қосылмақ.

Mektepmenu-ға ата-аналар мен оқушылар Kundelik логині мен паролі арқылы кіре алады.

Өзгелердің жаңалығы