ШҚО-да балаларына 4 млн теңге алимент төлемеген ер адам сотталды

5 Сәуір 2023, 09:36
782
Бөлісу:
ШҚО-да балаларына 4 млн теңге алимент төлемеген ер адам сотталды
Фото: strategy2050

Шығыс Қазақстан облысында балаларына 4 млн теңге алимент төлемеген ер адам сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ер адам 2018 жылы кәмелетке толмаған қызы мен ұлын асырау үшін жалақысының үштен бір бөлігі мөлшерінде алимент төлеуге міндеттелген.

Алайда 5 жыл бойы ол мүлде алимент төлемей келді.

Осылайша, сот орындаушысының талаптарын елемеген азамат 12 және 15 жасар балаларын асырау міндетін орындамаған.

Оның алимент бойынша қарызы 4 млн теңгеден асты.

Ер адамға сот актілерінің міндетті екені және қатаң түрде толық көлемде орындалуы тиістігі ескертілген.

Қазір ер адам пробациялық бақылауға алынды. Сот үкімімен бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді. Сондай-ақ айыпталушыға жұмысқа орналасу қажеттігі, егер тұрақты жұмысы болмаса әкімдік белгілеген мекемелерде 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылатыны түсіндірілді. Алимент төленбеген жағдайда ол бас бостандығынан айырылады, – дейді Сол жағалау аудандық пробация қызметінің инспекторы Ұлабек Жайбек.

Өзгелердің жаңалығы