Шығыс Қазақстан облысының бірнеше су қоймасында 10 қарашадан бастап 10 желтоқсанға дейін ақ балықтар популяциясын сақтау мақсатында уылдырық шашу кезінде оларды аулауға уақытша тыйым салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тыйым салынған аймақтар:
- Бұқтырма және Өскемен су қоймалары, сондай-ақ Ертіс өзені Өскемен ГЭС-інен Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі ГЭС-інен Павлодар облысымен әкімшілік шекараға дейінгі аумақ;
- Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың №1 гидроқұрылымының су қоймасы;
- Бұқтырма су қоймасы Казнаков өткелінен Бұқтырма ГЭС-іне дейінгі аумақ.
Осы кезеңде балықшылар мен туристерге ақ балықтарды аулаудан бас тарту ұсынылады. Бұл шара олардың көбеюін қамтамасыз етуге және популяцияны қалпына келтіруге септігін тигізеді.