ШҚО-да 93 көпбалалы отбасы баспаналы болады

ШҚО-да 93 көпбалалы отбасы баспаналы болады
710

Облыста тұрғын үй құрылысының көлемі артып келеді. Биыл 185 млрд теңгеге 869 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үш жыл ішінде шамамен 1 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл туралы altaynews.kz жазды.

Көппәтерлі үйлер негізінен Өскемендегі 22-ші және 24-ші шағын аудандарда салынып жатыр. Ірі ауылдарда және облыс орталығында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жеке үйлердің құрылысы жалғасуда.

Облыстың басым бағыты – аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй салу. Биыл осы мақсатқа 236 пәтер бөлінеді. Алдағы жылы тағы 93 отбасы баспана кілттеріне ие болады.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы