ШҚО-да 59 адам қызылша жұқтырған

22 Қаңтар 2024, 20:30
432
Бөлісу:
ШҚО-да 59 адам қызылша жұқтырған
Фото: BAQ.KZ -архив

22 қаңтардағы жағдай бойынша ШҚО-да қызылша жұқтырғандар саны 59-ға жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Науқастардың негізгі үлесін, яғни 32 жағдай ересектер арасында, 25 жағдай 14 жасқа дейінгі балаларда және 3,4% - ы, атап айтқанда 2 жағдай жасөспірімдерде тіркелген.

Ақ халаттылардың айтуынша, қызылшамен ауырғандардың көбі - екпе алмағандар мен вакцинация туралы мәліметтері жоқ адамдар.

ҚР халқының арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында "Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 7 қаулысы шығарылды. 

Көрсетілген қаулыға сәйкес осы жылғы 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы 6-11 айлық балаларға, желтоқсаннан бастап – қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жастағы балаларға қосымша жаппай иммундауды жүргізу басталды. Өңірде 6 айдан 11 айға дейінгі 6960 бала екпе алуға жатады. Бүгінгі таңда 3061 балаға екпе жүргізілді, 2-4 жастағы екпеге жататын балалар саны – 24700, егілгені 18121.

Құрметті ата-аналар, облыс тұрғындары, егер сіздердің жақындарыңыз бен балаларыңыз қызылша індетіне қарсы екпе алмаған болмаса, оларға дереу түрде тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарға барып індетке қарсы екпе алу қажет, - дейді ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев.

Өзгелердің жаңалығы