ШҚО-да 500-ге жуық адамды кене шақты

30 Сәуір 2024, 04:20
258
Бөлісу:
ШҚО-да 500-ге жуық адамды кене шақты
Фото: baq.kz

Шығыс Қазақстан облысында күн жылынғаннан бері 500-ге жуық адамды кене шаққан. Оның 35-і бала. Дегенмен мамандардың айтуынша, аймақта әзірге кене энцефалитін жұқтырғандар тіркелмеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алайда кене энцефалиттен басқа 30 шақты аурудың вирусын таратады.

Сондықтан кененің шағуын әдеттегі жағдайға балап, салғырттық танытуға болмайды. Санитар-дәрігерлердің айтуынша, облыста иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті.

Екпе салатын арнайы кабинеттер де ашылған. Қазір өңірдегі кене ошағы бар аумақтарды залалсыздандыру жұмыстары басталып кетті. Мамандардың мәліметі бойынша, жәндіктерден зиян шеккендердің көбі Алтай, Тарбағатай, Қатонқарағай сияқты таулы аудандар мен Риддер, Өскемен қаласының тұрғындары.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл кене шағу жағдайлары жиілеп кетті. Бұл күннің күрт жылынып, көктемнің ерте келіп түсуімен байланысты. Бір қуанарлығы, кенеден зардап шеккендердің 97 пайызы препаратпен қамтылды. Қалған үш пайызы белгілі себептермен медициналық көмекке жүгінбегендіктен, серопрофилактикамен қамтылмады, – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Гүлмира Қайратова.

Өзгелердің жаңалығы