ШҚО-да 5 айда 3 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған

23 Маусым 2022, 02:16
2072
Бөлісу:
ШҚО-да 5 айда 3 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО прокуратурасы жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау фактілері мен себептерін атады, деп хабарлайды Алтайньюс.

Мамандардың айтуынша, ел бойынша өткен 2021 жылы жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау фактілері айтарлықтай өскен. Сондай-ақ ШҚО-да да статистика көңіл көншітерлік жағдайда емес көрінеді. Соңғы үш жылда ШҚО-да суицидтің 23 фактісі тіркелсе, 123 бала әрекет еткен.

Ал биылғы жылдың 5 айында 11 бала өз-өзіне қол жұмсамақ болса, 3 кәмілетке толмаған баланың өмірі қиылған. Бұл мәселеге кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша мемлекеттік органдар мен полицияның жұмысының жеткіліксіздігі де себеп болуы мүмкін. Олар балалар мен жасөспірімдер арасында суицидті насихаттайтын немесе сондай белгілері бар сайттарды анықтап, оқшаулауға баса назар аударулары керек, - дейді облыстық прокуратурадағылар.

Олардың айтуынша, суицидтің себептері әр түрлі болуы мүмкін. Көбінесе, отбасымен жанжалдасу, ешкімге айтпайтын проблемалар мен жастайынан жауапсыз махаббатқа куә болуы балаларға әсер ететін көрінеді.

Мектептерде де штаттық психологтар жетіспейді. Болған күннің өзінде олар формалды сипатқа ие жұмыстар жүргізеді. Қолданыстағы әдістемелері жетілдіру керек, – дейді ШҚО прокуратурасы.

Өзгелердің жаңалығы