ШҚО-да 4,5 балдық жер сілкінісі болды

2025 жылғы 28 тамызда Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақ Ұлттық деректер орталығы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 BAQ.KZ  - архив 28 Тамыз 2025 2025, 11:35
28 Тамыз 2025 2025, 11:35
1057
Фото: - архив

2025 жылғы 28 тамызда Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақ Ұлттық деректер орталығы мәлім етті,  деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Зілзала Астана уақытымен 07:54-те (Гринвич бойынша 02:54-те), Күршім ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым жерде болды.

Жер сілкінісінің тереңдігі 16 шақырымды құрады. Оқиғаның энергетикалық класы 10,9 деп бағаланған. Қираулар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түскен жоқ, - деп жазылған Қазақ Ұлттық Деректер орталығы хабарламасында. 

Бұған дейін Ақтауда екі балдық жер сілкінісі сезілгені хабарланған.

Наверх