ШҚО-да 4 шетелдікті елден шығарды

29 Сәуір 2022, 00:32
1471
Бөлісу:
ШҚО-да 4 шетелдікті елден шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көші-қон қызметінің мамандары Өзбекстан Республикасының төрт азаматының Алтай қаласында заңсыз еңбек етіп жүргенін анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс.

Олар сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес төрт шетелдік азамат енді ел аумағына 5 жыл көлемінде кіре алмайды.

Жұмыс беруші де әкімшілік кодекстің екі бірдей бабы бойынша жауапқа тартылды. Шетелдіктердің келгенін хабарламағаны үшін және заңсыз түрде шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов

Өзгелердің жаңалығы