ШҚО-да 3 млн теңгенің малын ұрлаған ер адам ұсталды

21 Ақпан 2022, 19:33
1475
Бөлісу:
ШҚО-да 3 млн теңгенің малын ұрлаған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да 3 млн теңгенің малын ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Осы жылдың ақпан айының басында Зайсан ауданының полиция қызметкерлері өткен жылдың соңында орын алған мал ұрлығын ашты. 

2021 жылдың желтоқсан айының кезекші бөліміне ауданның 35 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз тұлғалар учаскеде еркін жайылып жүрген 10 бас ірі қара малды ұрлағаны туралы айтқан. Осылайша 3,1 млн теңге залал келтірді. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мал ұрлады деген күдікпен 38 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Тергеу іс-шаралары барысында жеткізілген адам кінәсін мойындады. 

Қаскөйге қатысты келу міндеттемесі бұлтартпау шарасы қабылданды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 2-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, баптың санкциясымен 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Өзгелердің жаңалығы