ШҚО-да 260 тонна шөп өртеніп кетті

4 Тамыз 2022, 13:55
972
Бөлісу:
ШҚО-да 260 тонна шөп өртеніп кетті

Өрт қаупі жоғарылайтын кезең басталғалы бері өңірде 18 оқиға болды. Барлығы 260 тонна пішен жанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соңғы оқиғалар Ұлан, Күршім, Тарбағатай аудандарында болды. Шабындықтарда қауіпсіздік талаптарын сақтамай, отты беталды пайдаланғандықтан өрт жиі шығады. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ұжымымен, саяжай тұрғындарымен, жиын өткізіліп, нұсқаулықтар берілген. Алайда адамдар әлі де болса немқұрайлылық танытып келеді. Мәселен көлікке шөп тиегенде, оның биіктігі 4,5 метрден аспауы тиіс, – деп мәлімдеді ШҚО облыстық ТЖД өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы