ШҚО-да 21 субъектіге 31 млн теңгеден астам айыппұл салынды

23 Қыркүйек 2022, 18:33
846
Бөлісу:
ШҚО-да 21 субъектіге 31 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Шығыс-Қазақстан облысының субъектілеріне жалпы сомасы 31 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Табиғи монополиялар туралы заңнамасының нормаларына сәйкес, табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметаны және бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау міндеттері көзделген .

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс-Қазақстан облысы бойынша департаменті 2021 жылғы тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есепке талдау жүргізді.

Осылайша, облыстың 26 субъектісі тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларды орындау бойынша міндеттерін бұзғандығы анықталды. Осыған байланысты, аталған субъектілерге қатысты Шығыс-Қазақстан облысы бойынша ТМРКД-ы әкімшілік құқық бұзушылық туралы 55 хаттама толтырды.

 22 субъекті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 810 және 811-баптарында көзделген қысқартылған өндіріс тәртібінде айыппұл төледі. Мемлекет кірісіне айыппұлдар бойынша түскен жалпы сома  31 977 720 теңге. Қалған субъектілер бойынша Департамент жаза қолдану туралы қаулы шығарды, сондай-ақ келіп түскен өтініш хаттар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар Шығыс-Қазақстан облысы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарауына жіберілді, - делінген хабарламада.

Осылайша, Департамент табиғи монополиялар субъектілерінің «Табиғи монополиялар туралы» заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді.

Өзгелердің жаңалығы