ШҚО-да 2025 жылға дейін 21 мектеп салынады

14 Сәуір 2023, 05:46
834
Бөлісу:
ШҚО-да 2025 жылға дейін 21 мектеп салынады
Фото: atameken.kz

Шығыс Қазақстан облысында білім саласында бірқатар жаңалықтар енгізілуде. Облыс әкімінің есептік кездесуінде 2025 жылға дейін 21 мектеп салынатындығы айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен жылы өңірде 1070 орындық 4 мектеп пайдалануға берілді. Ал биыл 4,2 мың орындық 11 білім мекемесі бой көтереді. Жалпы, 2025 жылға дейін 7,8 мың орындық 21 жаңа мектеп салуды облыс басшылығы жоспарға енгізіп отыр.

Біз мектептерімізді сапалы жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Өткен жылы 49 білім беру нысандарында ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 52 мектеп, 25 кітапхана, 27 асхана жаңғыртылды. 17 мектепте жиһаз жаңартылып, 26 жаңа физика, химия, биология кабинеттері сатып алынды. Ағымдағы жылы 26 білім беру объектісінде 1,1 млрд теңгеге жөндеу жұмыстары жоспарланған, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

2025 жылға дейін бой көтеретін мектептердің ішіндегі он білім мекемесі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатынын айта кетейік.

Өзгелердің жаңалығы