ШҚО-да 20 жастағы тұрғын есірткі сатты деген күдікке ілінді

30 Сәуір 2024, 20:46
404
Бөлісу:
ШҚО-да 20 жастағы тұрғын есірткі сатты деген күдікке ілінді
VIDEO
Фото: Polisia.kz

ШҚО-да 20 жастағы тұрғын есірткі сатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Полицейлер жас жігітті қала жағажайының маңында есірткіні қойып жатқан жерінен ұстаған.

Оны тінту кезінде жедел уәкілдер изолентамен оралған ерекше иісі бар ұнтақ затпен 8 полимерлі пакетті және оның сөмкесінен сондай зат салынған 10 пакетті тәркілеген.

Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты жерінен полиция қызметкерлері жалпы салмағы 42 грамнан асатын α-PvP психотроптық заттарын тәркілеген, бұл қара нарықта 140 реттік дозаны құрайды.

Күдіктіге қатысты есірткі құралдарын заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін қылмыстық іс қозғалды, оған мүлкін тәркілеумен он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Өзгелердің жаңалығы