ШҚО-да 150 келі балық тиеген браконьерлер ұсталды

23 Мамыр 2022, 12:30
1097
Бөлісу:
ШҚО-да 150 келі балық тиеген браконьерлер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да 150 килограмнан астам балық, 2 ау, 2 резеңке қайық және қайық сорғысы браконьерлер қолға түсті, деп хабарлайды altaynews.kz.

Cәуір айының соңында «Нерест» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында «ОхотПромзон» инспекторларымен бірлесе отырып «Балықтыкөл» көлінің маңында 43 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен «VOLKSWAGEN» автокөлігі тоқтатқан  Көлікте 48 жастағы жолаушы болған, ол жүргізушімен бірге тиісті құжаттарсыз 74,3 кг сазан тасымалдағаны анықталды.

Біршама уақыттан кейін 48 жастағы Қалбатау ауылының тұрғыны тізгіндеген көлікті тексеру барысында, аталған көлік сазан балығына толы болып шықты.Оқиға орнынан барлығы 150 килограмнан астам балық, 2 ау, 2 резеңке қайық және қайық сорғысы тәркіленді. Семей балық инспекциясы ұсынған мәліметтерге сәйкес, күдіктілердің іс-әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын шамамен 900 000 теңгені құрады, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ұсталғандарға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК- нің 335-бабы 3-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Өзгелердің жаңалығы