ШҚО-да 116 жағажайда шомылуға тыйым салынды

25 Мамыр 2022, 08:49
1323
Бөлісу:
ШҚО-да 116 жағажайда шомылуға тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да шомылуға тыйым салынған жағажайлар тізімі анықталды, деп хабарлайды altaynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталмыш орындарға тыйым салу белгілері орнатылған. Себебі жерлерде су ағыны қатты және түбін сүңгуірлер тексермеген.

Күн райы жылынған сайын жағажайларда демалушылар саны артып келеді. Өткен жылы орын алған барлық жазатайым оқиғалар тыйым салынған, жабдықталмаған шомылу орындарында болған. Сондықтан да биыл облыстық мәслихатының шешімімен 116 жағажайда шомылуға тыйым салынып отыр. Тексерілмеген өзендерде адам денсаулығына қауіпті, көлемі үлкен тастар, арматуралар болуы немесе өте терең шұңқырлар болуы мүмкін, – дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр жазғы маусымда 35 адам суға кеткен

Өзгелердің жаңалығы