ШҚО-да 100 орам шөп өртке оранды

1 Қазан 2023, 13:33
711
Бөлісу:
ШҚО-да 100 орам шөп өртке оранды
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

30 қыркүйекте Ұлан ауданы Сағыр ауылынан 17 шақырым жерде шаруа қожалығының аумағында найзағай түсіп, 100 орам жиналған шөп өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО ТЖД хабарлауынша, Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінен келген қызметкерлер мен шаруа қожалығының жұмысшылары 180 тонна (600 орам) шөпті қызыл жалыннан құтқарып қалды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

ШҚО ТЖД шөп пен жемді сақтаудаөрт қауіпсіздігі ережелерін еске салады:

- Ірі жемшөптің маялары, бастырмалары мен қатарлары электр беру желілеріне дейін кемінде 15 м, жолдарға дейін кемінде 20 м және ғимараттар мен құрылыстарға дейін кемінде 50 м қашықтықта орналасуы керек;

- Ірі жемшөптің үйінділерін, қазбаларын, маяларын, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды төмендегі орындарда жинауға жол берілмейді:

1) сарайлар мен басқа да шаруашылық құрылыстардың шатырларында;

2) электр беру желілерінің астында;

3)учаскенің сыртқы қоршауынан 3 м кем қашықтықта.

Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыз.

Өзгелердің жаңалығы