ШҚО барлық негізгі экономикалық көрсеткіш бойынша оң нәтижеге жетіп отыр

7 Желтоқсан 2022, 15:44
1196
Бөлісу:
ШҚО барлық негізгі экономикалық көрсеткіш бойынша оң нәтижеге жетіп отыр

Облыс активімен кездесуде Премьер-министр өңірде Даниал Ахметов жұмыс істеген кезеңде ірі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы жобалары іске асырылғанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік мақсаттағы ондаған нысан, оның ішінде мектептер, ауруханалар, спорт орталықтары салынып, құрылыс жұмыстары жүруде. Жалпы алғанда Шығыс Қазақстан облысы бүгінде барлық негізгі экономикалық көрсеткіш бойынша оң нәтижеге жетіп отыр.

Әлихан Смайылов басым міндеттер ретінде Президенттің сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде өңірді одан әрі дамыту жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру екенін атап өтті. 

Алдағы жылдары ұлттық жобалар аясында 4,2 мың оқушыға арналған 10 жаңа мектеп, 36 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысандарын ашып, 1 аудандық аурухананы жаңғырту жоспарлануда.

Ауылдық елді мекендерде аграрлық секторды, кәсіпкерлікті дамыту және жалпы ауылда өмір сүру сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылданады. 

Сонымен қатар Премьер-министр жылыту маусымын тұрақты өткізу, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, металлургия және машина жасау салалларын дамыту жөніндегі қадамдарды іске асыру, сондай-ақ экологиялық ахуалды жақсарту қажеттігіне назар аударды.

Өзгелердің жаңалығы