Шпекбаев СҚО-дағы мемлекеттік мекемелерді трансформациялау жұмыстарына оң баға берді

24 Қазан 2020, 17:03
1677
Бөлісу:
Шпекбаев СҚО-дағы мемлекеттік мекемелерді трансформациялау жұмыстарына оң баға берді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев екі күндік жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысын аралады. 

Күн тәртібінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында азаматтық қоғаммен диалог құру болды.

Өңір әкімінің, қоғам, бизнес-қауымдастық, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен кездесу барысында Агенттік төрағасы қатысушыларға қоғамды саяси жаңғырту және демократияландыру тұрғысында республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шараларды жеткізді. Басты назар Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының үш пакетіне және парасаттылық идеологиясын ілгерілету жөніндегі жаңа тәсілдерге аударылды.

Шпекбаев СҚО-дағы мемлекеттік мекемелерді трансформациялау жұмыстарына оң баға берді

Енгізілген отставкаға кету және басшылардың қоластындағыларының сыбайлас жемқорлығы үшін дербес жауапкершілігі институттары толыққанды жұмыс істеп, өзінің пәрменділігін көрсетуде. НҚА жобаларына жемқорлыққа қарсы сараптаманы іске қосу жақындап келеді. Комплаенс-қызметтерді құру, ұлттық компаниялардағы сыбайлас жемқорлық субъектілерін кеңейту, сыйлықтарға толық тыйым салу бөлігінде түзетулерді қабылдау елеулі серпін берді, - деп атап өтті Шпекбаев.

Агенттік төрағасы сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті одан әрі күшейтуге ерекше назар аударды. Жыл соңына дейін сыбайлас жемқорлық үшін мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды жою, шетелдік шоттарға тыйым салу, сыбайлас жемқорлық үшін санкцияларды қатаңдату туралы ел Президентінің тапсырмалары заңнамалық түрде іске асырылатын болады.

Шпекбаев СҚО-дағы мемлекеттік мекемелерді трансформациялау жұмыстарына оң баға берді

Өз кезегінде, жастар секторы, ардагерлер қозғалысы, мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпкерлік өкілдері Антикор басшысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, адалдық пен әділдік қағидаттарына негізделген жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ісіне қосқан үлестері туралы хабардар етті.

Сапар аясында Агенттік төрағасы жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудың негізгі факторы ретінде өз қызметінде ашықтықты, айқындылықты және қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысымен танысты.

Алик Шпекбаев пен Құмар Ақсақаловтың қатысуымен Тайынша ауданы Келлеровка аулында «Ауылдағы ашық әкімдік» фронт-кеңсесі ашылды. Бұдан былай ауыл тұрғындарына 30 км аудан орталығына барудың қажеті жоқ, барлық қызметтерді «бір терезе» қағидасы бойынша алуға болады.

Облыс орталығында шаруаларға кеңес беріп, мемлекеттік қызмет көрсететін республикадағы алғаш Agrokomek сервис орталығының ашылуы өтті. Оның ерекшелігі – аграршылар енді шенеуніктердің табалдырығын тоздырмай бір жерде 50-ге жуық мемлекеттік қызметті алатын болады. 

Алик Шпекбаев өңірде мемлекеттік мекемелерді трансформациялау, Open space қағидаты бойынша тұтынушыға бағдарлануды, ашықтықты және айқындылықты енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа оң баға берді.

Шпекбаев СҚО-дағы мемлекеттік мекемелерді трансформациялау жұмыстарына оң баға берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосы басшысының сапары Жамбыл ауданына барумен жалғасты. Оның барысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысан қаралды.

Жалпы, жұмыс сапары барысында Алик Шпекбаев облыстың төрт ауданына барып, үш құрылыс нысанымен, алты сервистік әкімдік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеудегі Петропавл электртехникалық зауытының жұмысымен танысты.

Өзгелердің жаңалығы