Шпекбаев: Қоғам өкілдері заң аясында жұмыс істеуі керек

26 Қаңтар 2021, 14:25
1390
Бөлісу:
Шпекбаев: Қоғам өкілдері заң аясында жұмыс істеуі керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Агенттік жанындағы алғашқы қоғамдық институт Арнайы мониторингтік топ 5 жыл ішінде республикалық және жергілікті деңгейде мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін дамытуға елеулі үлес қосқан нақты және пәрменді азаматтық бақылау институтына айналды.

АМТ мүшелері жүйелі негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның қағидаттарын іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді.

2020 жылғы АМТ қызметінің қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы ақапарат Агенттік өкілдері қатысқан онлайн-кеңесте таныстырылды.

Республикалық АМТ басшысы Айгүл Соловьева консультативтік-кеңесші орган қызметінің негізгі бағыттары мен қоғам белсенділерімен жүргізілген мониторинг барысындағы өзекті мәселелер туралы баяндады.

Бірлескен жұмысты одан әрі жақсарту бойынша А.Соловьевамен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша өңірлік жоспарларды әзірлеу, оған іс-шаралар ретінде халықаралық ұйымдардың (ЭЫДҰ, ГРЕКО, ЕҚЫҰ) ұсынымдарын қоса отырып, сондай-ақ БАҚ-пен неғұрлым белсенді өзара іс-қимыл жасау және жүргізіліп жатқан жұмысты жария ету бойынша әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылды.

Кеңеске қатысушылар азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенді тартудың өзектілігі, сондай-ақ АМТ-ның басқа қоғамдық бірлестіктермен және азаматтармен неғұрлым тығыз коллаборация қажеттілігі туралы бірауыздан пікір білдірді.

Сонымен қатар, АМТ мемлекеттік органдарға сенімнің негізін қалыптастыратын үш негізгі бағытқа – мемлекеттік аппараттың транспаренттілігіне, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына және мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауына назар аударуы тиіс екендігі атап өтілді.

Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жоспарларды орындауына бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жергілікті комиссиялардың құрамында АМТ-ның жұмысын жандандыру қажет. Сонымен қатар, қоғам өкілдері заң аясында жұмыс істеуі керек. Біз қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін адал және заң бойынша шаралар қабылдайтындарды ғана қолдаймыз, - деді А.Шпекбаев.

Айтылған есептер мен ұсыныстарды ескере отырып, Агенттік Төрағасы АМТ жұмысына оң баға беріп, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жоюға қосқан елеулі үлесі үшін А.Соловьеваға алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы