Шпекбаев бизнес секторда комплаенс-қызметтер институтын енгізуге шақырды

5 Ақпан 2021, 18:33
1353
Бөлісу:
Шпекбаев бизнес секторда комплаенс-қызметтер институтын енгізуге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алик Шпекбаев Алматының бизнес қауымдастығымен кездесті.

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қаланың бизнес-қауымдастығымен жеке секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс енгізу туралы мәселелерді талқылады.

Былтыр қазан айында Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заңнамалардың екінші пакетіне қол қойды, онда комплаенс сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарының бірі ретінде айқындалды. Квазимемлекеттік сектор ұйымдарында комплаенс құрылымдарын айқындау туралы норма заңды түрде енгізілді, жеке компанияларға оларды құру құқығы бекітілді.

Шпекбаев бизнес секторда комплаенс-қызметтер институтын енгізуге шақырды

Қазіргі таңда әлемде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау аясындағы тәуелсіз комплаенс қызметтерінің тиімді қызметі – ұйымдардың парасаттылығын қамтамасыз етудің негізгі құралы екенін атап өткен жөн.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын іске асырған компаниялар сөз сөйлеп, өздерінің оң тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге елеулі әсер етеді деген пікір білдірді. Оны іске асыру сатысында олардың «тәртіп орнату» қызметін орындаудағы дербестігі мен тәуелсіздігі өте маңызды. Олардың жұмысы корпоративтік мәдениетті парасаттылық бағытына қарай бұруға оң ықпал етеді.

Алик Шпекбаев бизнес секторда комплаенс-қызметтер институтын енгізуге шақырды.

Шпекбаев бизнес секторда комплаенс-қызметтер институтын енгізуге шақырды

Ең бастысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс шын мәнінде жұмыс істейтін құрал болып, ұйымдардың корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Алайда бұл үшін көп жыл бойы тиімді болатын тетікті қарастырып, оны енгізу кезеңінде айтарлықтай күш салу қажет, - деп атап өтті ол.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар компания өз қызметінде имидждік тәуекелдерді болдырмау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс енгізуге ниет білдірді.

Өзгелердің жаңалығы