Шпагамен семсерлесуден ел командасы Азия чемпионы атанды

Семсерлесуден Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны алтын жүлдемен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

 olympic.kz 27 Маусым 2024 2024, 00:24
27 Маусым 2024 2024, 00:24
970
Фото: olympic.kz

Семсерлесуден Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны алтын жүлдемен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Азия чемпионы атанды. Олар жарыс финалында Олимпиада чемпионы саналатын Жапония құрамасын тізе бүктірді.

Сондай-ақ турнир барысында Қатар, Қырғызстан, Гонконг құрамаларынан басым түсті.

Шпагадан командалық сында Ерлік Сертай, Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов пен Вадим Шарлаимовтар сынға түсті. Аталған төрттік Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.

Наверх