Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатында шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Финалда біздің спортшылар Олимпиада чемпионы - Жапония құрамасын жеңді.
Команданың тәжірибелі мүшесі Руслан Курбановтың айтуынша, Олимпиада қарсаңында жапондықтарды жеңу біздің құрама үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды.
Финалда Жапонияны жеңіп, Олимпиада алдындағы әлемдік рейтингті нығайту әрі біздің құраманың ауыр кезеңдердегі психологиялық дайындығын тексеру біз үшін маңызды болды. Барлығы да бұл тексеруден сәтті өтті, - дейді Руслан Курбанов.
Айта кетелік, Қазақстан намысын Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай қорғады. Аталған төрттік Париж Олимпиадасында өнер көрсетеді.