Шорт-тректен ӘЧ: Мадина Жанбосынова жартылай финалға жолдама алды

6 Наурыз 2021, 07:47
1552
Бөлісу:
Шорт-тректен ӘЧ: Мадина Жанбосынова жартылай финалға жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дордрехте (Нидерланды) шорт-тректен 2021 жылғы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлемдік біріншіліктің алғашқы күнінде әйелдер арасында 1500 м қашықтық бойынша ширек финалдық сайыстар өтті. Аталған бәсекеде қазақстандық Мадина Жанбосынова 2:35.856 көрсеткішімен өз тобында үшінші болды. Нәтижесінде, жартылай финалға жолдама алды.

Әйелдер арасында 1500 м қашықтық бойынша жартылай финал мен финалдық бәсекелер 6 қазан күні өтеді.



Өзгелердің жаңалығы