Шомылу маусымы: Құтқарушылар 61 баланы құтқарды

3 Қыркүйек 2021, 19:51
1346
Бөлісу:
Шомылу маусымы: Құтқарушылар 61 баланы құтқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шомылу маусымында ТЖМ құтқарушылары 328 адамды, оның ішінде 61 баланы құтқарды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ барлық деңгейдегі орталық және жергілікті атқарушы органмен өзара іс-қимыл жасай отырып, суда төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін алдын ала бастады және үздіксіз өткізілді.

Шомылуға рұқсат етілген 538 орын анықталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 93 орынға көп.

ТЖМ жергілікті атқарушы органдармен және жеке меншік объектілермен бірлесіп 454 құтқару және 66 медициналық бекет құрды.

Аса қауіпті учаскелерде 59 мобильді құтқару бекеті қойылды. 

Шомылу маусымы: Құтқарушылар 61 баланы құтқарды

Су айдындарында 6655 қауіпсіздік белгісі және 1656 ақпараттық стенд орнатылды, онда адамдардың қаза болу себептері мен оқиғаларға ықпал еткен жағдайлар жазылған.

Тұрғындар арасында 1 млн 139 мың 935 дана үгіт өнімі (буклеттер, парақшалар) таратылды, халықпен 5314 жиын өткізілді.

Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылда 32085 бала жүзуге үйретілді.

Алдын алу жұмыстарына 17943 волонтер тартылды.

ТЖМ күштері ІІМ-мен, жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлермен бірлесіп 76649 рейд және патрульдеу жүргізді. ӘҚБК-нің 440-бабы «қоғамдық орындарда болу қағидаларын бұзу» бойынша 4788 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ ӘҚБК-нің 364-бабы «ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша 5781 адамға ескерту жасалды және 172 адамға айыппұл салынды, - делінген хабарламада.

Ағымдағы жылы су айдындарында адам өлімінің алдын алудың жаңа әдістері қолданылды.

Авиациялық және теміржол көлігінің мультимедиялық жабдықтары су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат өнімдерін тарату үшін пайдаланылды.

«2GIS» картографиялық платформасында еліміздің барлық өңірінде су айдындарында шомылуға тыйым салынған және рұқсат етілген орындардың деректері орналастырылған

Сонымен қатар ТЖМ және мемлекеттік органдар қабылдап жатқан шараларға қарамастан, шомылу маусымы кезеңінде су айдындарында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан 319 адам, оның ішінде 95 кәмелетке толмағандар суға кетті.

Шомылу маусымы: Құтқарушылар 61 баланы құтқарды

Су айдындарында балалардың қаза болу жағдайларының 82%-ында балалар ата-аналарының қарауынсыз болды.

Адамдардың қайтыс болуының негізгі себептері өз күштерін жете бағаламау – 170 жағдай, мас күйінде шомылу – 73 жағдай, су айдынына құлау – 68 жағдай, жүзе алмау – 34 жағдай, балық аулау кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу – 24 жағдай, суға батушыларды құтқару кезінде 13 жағдай және жүзу құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу - 8 жағдай.

Суға шомылу маусымының аяқталуына қарамастан, құтқарушылар су айдындарында адамдардың өлімінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты жалғастыруда, өйткені күзгі кезеңнің басталуымен аң аулау және балық аулау маусымы басталады.                                                                     




Өзгелердің жаңалығы