Шолпан Каринова оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды

27 Тамыз 2022, 18:19
1008
Бөлісу:
Шолпан Каринова  оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты мәлімдейді.

Шолпан Каринова 1972 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. 

Білімі:

Жоғары, мамандығы «қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі». 

Еңбек жолы:

2004-2005 жж. -  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының №5  орта мектеп директоры.

2005-2008 жж. -  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімінің басшысы.

2008-2009 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау және кадр жұмысы жөніндегі құрылымдық бөлімше басшысы.

2009-2012 жж. - Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы басшысының орынбасары.

2012-2017 жж. - Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.

2017-2018 жж. - ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.

2018 жылдың қазаны – 2019 жылдың тамызы - «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары 

2019 жылдың 31 тамызынан – Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі. 

Өзгелердің жаңалығы