Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шоколад "деликатеске" айналды: Қазақстандықтар тәттіні аз тұтынуда

Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстанда шоколад пен тәттілерді тұтыну көрсеткіші төмендеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

DataHub-тың мәліметінше, 2025 жылдың III тоқсанында 1 адам шамамен 195 граммнан шоколад жеген. Бұл екінші тоқсанмен салыстырғанда 21%-ға, ал өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға аз. 

Сарапшылардың айтуынша, шоколад пен кәмпиттерді тұтыну көрсеткіші соңғы үш жылдағы ең төменгі деңгейге жеткен, алайда абсолютті рекорд емес. Үшінші тоқсанда қазақстандықтар бір адамға шаққанда 586 грамм ғана тұтынған. Бұл өткен тоқсанмен және өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға аз.

Айта кету керек, тәттілер қазір айтарлықтай қымбаттап жатыр. Мәселен, қарастырылып отырған III тоқсанның соңына қарай, қыркүйек айында шоколадтың бағасы жылдық есеппен үштен бірінен астамға өсті. Ал шоколадпен қапталған кәмпиттер салыстырмалы түрде аз – шамамен 15%-ға өсті, – деп атап өтті сарапшылар.

Олардың айтуынша, шоколад бағасының өсуі әлемде де байқалып отыр. Шоколад нырығындағы баға өзгерісі какао дағдарысымен түсіндіріледі. 2024 жылы негізгі өндіруші елдердегі өнімнің азаюына байланысты какао бағасы күрт көтеріліп, 2025 жылы да жоғары деңгейде сақталуда.

Соңғы айларда бағалар қайтадан төмендеді. Бірақ, өндірістің белгілі бір географиялық аймақтарда шоғырлануына байланысты жүйелі тәуекелдер әлі де сақталып отыр, – дейді сарапшылар. 

Өзгелердің жаңалығы