Шөкеевтің орынбасары жас аналарды мерекесімен құттықтады

8 Наурыз 2021, 14:31
1795
Бөлісу:
Шөкеевтің орынбасары жас аналарды мерекесімен құттықтады
PHOTO

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов пен Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов №1 Облыстық перинаталдық орталығында болып,  жас аналарды 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

 

Аяулы аналар! Сіздерді шуақты көктемнің алғашқы мерекесі 8  наурыз  - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын! Ана – өмірдің гүлі, тіршіліктің нұры, мейірім мен ізгіліктің жаршысы. Әйел - бүтін бір шаңырақтың шамшырағы. Ендеше мерейлі мерекеде Сіздерге тек шаттық пен қуаныш тілеймін. Әрдайым ақпейіл де қамқор, адал да, үлгілі қалыптарыңыздан айнымай жүре беріңіздер, - деп жылы лебізін білдірді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов. 
 

Шөкеевтің орынбасары жас аналарды мерекесімен құттықтады



Бүгінгі күні перинаталдық орталықта 656 маман жұмыс істейді. Оның ішінде 609-ы нәзік жандылар. Олардың қатарында дәрігерлер мен медицина ғылымдарының кандидаттары және денсаулық сақтау саласының  үздіктері бар. 

 

Шөкеевтің орынбасары жас аналарды мерекесімен құттықтады


 

Сіздер мереке күндерінде де жұмыс істеп, жаңа туған жас сәбидің үнімен балалы болған отбасылардың қуанышына себепкерсіздер. Шын жүректен қолдау көрсеткендеріңіз үшін және науқастарға күн сайын көрсететін қажырлы қызметтеріңіз үшін алғысым шексіз, - деп   ақ халаттыларға жүрекжарды лебізін білдірген Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов нәзік жандылардың еселі еңбектеріне тілеулестік білдірді.
 

Шөкеевтің орынбасары жас аналарды мерекесімен құттықтады



Айта кетсек, Түркістан облысы  бала туу бойынша елімізде көш бастап тұр. Жыл басынан бері облыста 10 мыңнан астам сәби дүниеге келген. Ал облыстық перинаталдық орталығында дүние есігін ашқан 1571 баланың  38-і егіз болса, біреуі  үшем.

 

Шөкеевтің орынбасары жас аналарды мерекесімен құттықтады



Бұл орталық  заманауи жабдықтармен жабдықталған. Мұның барлығы өңірдегі жүздеген нәрестенің өмірін сақтап қалуға және мыңдаған әйелдердің үміт отын қайта жағып,  ана болу бақытын сыйлауға мүмкіндік береді. 

Өзгелердің жаңалығы