Шөкеев тамшылап суару технологиясы арқылы отбасылар қалай табыс тапқанын айтты

30 Наурыз 2021, 09:59
1850
Бөлісу:
Шөкеев тамшылап суару технологиясы арқылы отбасылар қалай табыс тапқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев күн тәртібінде көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы тақырыбы талқыланған Үкімет отырысында  айтты.

Биылғы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 843,4 мың гектарды құрайды. Біз егістікті әртараптандыруға көңіл бөліп отырмыз. Оның ішінде биыл картоп, көкөніс, бақша дақылдары 5 мыңнан астам гектарға, майлы дақылдар 9 мың гектарға, мал азығы дақылдары 3 мың гектарға артты, - деді ол. 

Шөкеев көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге арналған 21 мың техника толығымен дайын екенін айтты. 

Қазір күздік бидайдың жағдайы жақсы. Жаздық егістік 12 пайызға орындалды. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 37 мың тонна  жанармай бөлінді. Ақпан, наурыз айына қарастырылған жанармай құны толық төленді. Дала жұмыстарын несиелендіру бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» жақсы жұмыс істеп жатыр. 4,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның 3 млрд теңгесіне өтінім түсіп, қолдау тапты, - деді ол. 

Облыс әкімі аймақтың климаттық ерекшелігіне байланысты бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасын іске асырылып жатқанын айтты. 

Былтыр бұл бағытта 2 мың жоба жүзеге асырылды. Одан 268 мың тонна өнім өндірілді. Нәтижесінде қосымша ауылшаруашылықта 18 млрд теңгеге өнім шығарылды. Биыл да 6 мың гектар жер қосылатын болады. Жеке үй іргесінде тамшылап суару технологиясын меңгеріп жатырмыз. Былтыр 286 үй іргесіндегі үйді өңдеп, отбасылар әрқайсысы 1 млн теңгеден табыс тапты. Біз оны «Еңбек» бағдарламасы аясында жүзеге асырып жатырмыз, - деді Шөкеев.

Өзгелердің жаңалығы