Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Бұл проблема туралы сұраққа бірнеше мәрте жауап бердім. Статистика мен сараптама көрсеткендей, бұл халық санына байланысты көрсеткіш. Суицид, буллинг, отбасылық және балалар зорлық-зомбылығы біздің елімізде ғана емес, әлем бойынша бар проблема. Бес айда суицид бойынша 32 жағдай тіркелді. Былтырға қарағанда аз. Алайда бұл маңызды көрсеткіш. Суицид мәселесі өте нәзік материя, бұл – ауру. Әкімшілік шаралар мен қысыммен оны жоюға болмайды. Бұл – індет, оны әлемдік тәжірибені қолдана отырып, емдеуіміз керек, - деді Шөкеев.
Ол атағандай, ЮНИСЕФ-пен бірлесіп суицидке қарсы арнайы бағдарлама әзірленген.
32 деректің ішінде 12-сі соңына жеткізілсе, 20-сы әрекеттенген. Осы қалған 20-сымен психологпен жұмыс істеу керек. Сауалнама жүргізу керек. Жағдайлар да әртүрлі болады. Отбасындағы жағдай, қатарластырмен келіспеу, махаббат мәселесі болады. Әрбір жағдай бойынша біз шара қабылдаймыз. Тренингте өткіземіз. Осындай нәзік шаралар арқылы көрсеткішке жеткізуіміз керек, - деді Шөкеев.