ШОБ субъектілері биыл да МӘМС жарнасын төлеуден босатыла ма?

21 Мамыр 2021, 11:39
1596
Бөлісу:
ШОБ субъектілері биыл да МӘМС жарнасын төлеуден босатыла ма?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиал директорының орынбасары Жанар Кенжебаева онлайн брифинг барысында МӘМС-ға жарналар мен аударымдарды төлеу жайлы айтып берді.

Оның айтуынша, 2020 жылдың сәуір айынан жыл соңына дейін Үкімет қаулысы бойынша ШОБ субъектілері жұмысшыларына МӘМС аударымдарын жасаудан босатылған. Ол кезде Алматы қаласында 116 605 кәсіпкер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудан босатылыпты. Ол сауда-ойын сауық орталықтары, кинозал, театр, көрме, спорт алаңдары, қоғамдық тамақтану саласы, қонақ үй және туристік қызметтер. Сондай-ақ нотариус, адвокат, сот орындаушылары, медиатор, мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелері, стаматология саласы да жарна аударыудан босатылған.

Жанар Кенжебаева кәсіпкерлерге биыл да осндай мүмкіндік беріле ме деген сұраққа жауап берді.

Пандемиялық күрделі жағдайға байланысты ШОБ субъектілері биыл да МӘМС жарнасын аударудан босатыла ма, ол жағын біз білмейміз. Ол Үкіметтік деңгейде шешілетін мәселе. Қазір ондай тапсырма берілген жоқ. Кәсіпкерлер өткен жылдың соңына дейін босатылған, содан бері жұмысшыларының мәліметін енгізбегендер болса үшінші тоқсанға дейін мүмкіндік беріліп отыр, яғни олар осы аралықтағы қарыздарын жабуы керек,-дейді ол.

Сонымен қатар ол коронавирусқа қарсы вакцина алу үшін МӘМС жүйесінде тіркеуде тұру маңызды емес екенін айтты. Оны 18 жастан асқан еліміздің кез келген азаматы тегін ала алады.

Өзгелердің жаңалығы