ШҚО полицейлері 90 жүргізушіге көмек көрсетті

8 Қаңтар 2021, 11:04
1729
Бөлісу:
ШҚО полицейлері 90 жүргізушіге көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері барлық аязды және Жаңа жыл күндері күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 200-ден астам патрульдік полиция жасағы, оның ішінде қала сыртындағы тасжолдарға қызмет көрсететін 36 жасақ түседі. 

Ағымдағы жылдың алғашқы аптасында облыс жолдарында 40 градус аязда ШҚО полиция департаментінің қызметкерлері 90 жүргізушіге көмек көрсетті. 

2 қаңтарда Өскемен-Самар бағытында жүргізушінің көлігі бұзылып, ол жолда қалған. Дер кезінде келген ШҚО ПД ППБ инспекторлары көлікті эвакуаторға тиеуге көмектесіп, осы уақытта жүргізуші патрульдік автокөлікте жылынып алды. 

Алтай-Өскемен бағытындағы тас жолда жеңіл көлік өшіп қалған. Ауа температурасы күрт төмендей бастағандықтан көліктегі жолаушылары тоңа бастады. Уақыт өткізбей, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоңып қалған адамдарды жылы көлікке отырғызды. Қатты аязға қарамастан, олар жолаушылардың көлігін оталдырып көмек берген. 

Аягөз қаласының патрульдік қызметінің қызметкерлері Семейге бара жатқан жүргізушіге көмек көрсеткен. Азаматтың қатты аяз салдарынан жолда көлік сынып қалған. Полицейлер  автокөлікті ТҚКС жеткізіп, жүргізушініні қонақүйге орналастырды. 

ШҚО Полиция департаменті тағы қайталап аязды күндері елді мекен аумағынан тыс шықпауды ескертеді. 

Қатты аязда полиция қызметкерлері ең алдымен қиын жағдайға тап болған облыс тұрғындарына көмек көрсетуге тырысады, сондай - ақ жолдағы тәртіп назарда, - деп атап өтті ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Өзгелердің жаңалығы