ШҚО-ға 220-дан астам медициналық көлік әкелінеді

18 Қазан 2020, 22:22
2016
Бөлісу:
ШҚО-ға 220-дан астам медициналық көлік әкелінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көктем-жаз айларында оларға пандемия кезінде онлайн жұмысқа көшкен облыстық, аудандық әкімшіліктер өз көліктерін берген-ді. Қазір облысқа келіп жатқан Каспий банк сыйлаған Дэу маркалы көліктер  осы мақсатқа пайдаланылмақ.

Өңірге қараша айының соңына дейін 216 жедел жәрдем көлігі келуге тиіс. Оның 116-на лизинг арқылы қол жеткізілсе, қалған 100 көлікке облыстық бюджеттен  қаражат бөлінген. Көліктердің келу мерзімінің ұзарып кетуін Денсаулықтау сақтау басқармасы басшысы Ілияс Мұхамеджан былайша түсіндірді:

Мерзімі қазан-қараша айлары, бірен-сараңы желтоқсанда келуі мүмкін. Өйткені олардың іші медициналық құрылғылармен, аспаптармен жабдықталуы тиіс. Ал олар бізде шығарылмайды. Амалсыздлан күтуге тура келеді. Осындай кедергілер бар, - дейді ол. 

Осы аптада аймаққа көптен күткен жылжымалы кешенді медициналық автобустардың алғашқы бесеуі келеді, барлығы он көлік.  Олар цифрлы рентген аппаратымен, УДЗ құралымен, гинекологиялық кабинетпен жабдықталған.

Ілияс Мұхамеджанның арманы – осы  кешенді көліктер бір жерде тұрмай, шалғайдағы ауылдардың тұрғындарына қызмет көрсетсе. Кейбір ауылдарда медпункт болғанымен, зерттеу жүргізетін ешқандай аспап жоқ.  Жылжымалы кешен ауылдықтарға аудан орталығына сабылмай, тұрғылықты жерінде тексерілуге мүмкіндік берер еді.

Өзгелердің жаңалығы