ШҚО-да өзендерді ластаған компания жауапкершілікке тартылды

19 Қазан 2021, 17:53
6044
Бөлісу:
ШҚО-да өзендерді ластаған компания жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті уәкілетті органмен және ғылыми ұйымдармен бірлесіп, биылғы жылғы 28-30 қыркүйек аралығында Күршім ауданындағы Күршім және Қыстау-Күршім өзендерінің ластану фактісі бойынша «Визол» Геологиялық барлау компаниясы» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс экологиялық тексеру жүргізді. 

Тексеру барысында кәсіпорынды жауапкершілікке тартуға негіз болатындай қолданыстағы Экологиялық кодексінің нормаларына сәйкес келмейтін бірқатар олқылық анықталды. 

ШҚО-да өзендерді ластаған компания жауапкершілікке тартылды

Осылайша, технологиялық су жинақтағыштардың тоғанынан судың жер бедеріне асып кетуі және Қыстау-Күршім өзеніне құятын тұндырғыштан су ағызу фактілері анықталды. Осыған орай «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. 

Айыппұл мөлшері өз еркімен су ағызудың көлемі нақтыланғаннан кейін айқындалатын болады. 

ШҚО-да өзендерді ластаған компания жауапкершілікке тартылды

Бұдан басқа, тау-кен жұмыстарының жоспарына сәйкес кен орнын игергеннен кейін табиғи объектілерді техникалық және биологиялық рекультивация көмегімен негізгі күйіне келтіру керек. 

Табиғи ландшафтты, ағаш өсімдіктерін және жануарлар әлемінің тіршілік ортасын қалпына келтіру қажет. «Визол» ГБК» ЖШС уақытылы зерттеулер жүргізбегені, биологиялық негіздеме әзірлемегені және шаруашылық қызмет нәтижесінде балық ресурстарына келетін зиян орын алмағаны белгілі болды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар тау-кен жұмыстары тұрғысынан қалдықтарды басқару жүйесі сақталмаған. Осы бұзушылықтар үшін кәсіпорынға қатысты ӘҚБтК-нің 332-бабының 2-бөлігі және 344-бабының 3-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды. 

Бұл баптар бойынша салынған айыппұл көлемі 200 мың теңгеден асады. 

ШҚО-да өзендерді ластаған компания жауапкершілікке тартылды

Сонымен қатар анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында жоғарыда аталған тау-кен компаниясына қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алу және азайту жөніндегі тиімді іс-шараларды іске асыру, табиғи орта компоненттеріне зерттеулер жүргізу, биологиялық негіздеме әзірлеу және балық қорларына келтірілген зиян үшін өтемақы жүргізу қажеттігі туралы нұсқама берілді. 

Орындалған жұмыстардың нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады. 

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы қыркүйек айының ортасында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Күршім және Қыстау өзендері арналарының қауіпті химиялық заттармен ластануы мүмкін екендігі туралы ақпарат әлеуметтік желілерде үлкен қоғамдық резонанс тудырып, Ел Президенті шұғыл шаралар қабылдау туралы тиісті тапсырма берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы