ШҚО-дағы 220 елдімекенде мектеп жоқ

28 Тамыз 2021, 22:12
10309
Бөлісу:
ШҚО-дағы 220 елдімекенде мектеп жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде жаңа оқу жылына дайындық тақырыбында онлайн баспасөз конференциясы өтті.

Конференцияға ШҚО білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова мен ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина қатысты.

Белгілі болғандай, мектептерде жаңа оқу жылы карантин талаптарын сақтай отырып, дәстүрлі штаттық форматта басталады. Асханалардың жұмысы да кестеге сәйкес ұйымдастырылады.

Ыстық тамақпен, аз қамтылған және көп балалы отбасылар тізіміне кіретін 37 мың оқушы тегін қамтамасыз етіледі. Осы санаттағы 44 мың бала тегін мектеп формасы мен аяқ киімін алды. Облыста мектептері жоқ 220 елді мекеннен 3 020 бала үшін 195 автобуспен 134 білім беру ұйымына тасымалдау ұйымдастырылған. Соңғы үш жылда 96 автобус, оның ішінде осы жазда 3 мың баланы тасымалдау үшін 26 жаңа мектеп автобусы сатып алынды, - дейді ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.


Өзгелердің жаңалығы