ШҚО-да жыл басынан бері 890 тонна шөп өртенген

17 Тамыз 2021, 23:21
1306
Бөлісу:
ШҚО-да жыл басынан бері 890 тонна шөп өртенген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 890 тонна шөп өртенді, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Облыстық ТЖД-ның мәлімдеуінше, тек соңғы екі апта ішінде Катонқарағайда 14 тонна, Жармада 92 тонна, Үржарда 12 тонна шөп жанып кеткен. Алтайда тіркемедегі бір тонна шөп өртенсе, Глубокое ауданында жер үйдің жанындағы 11 тонна шөп тып-типыл болған.

Құтқарушылардың айтуынша, көп жағдайда тұрғындардың салғырттығынан өрт шығады.

Өзгелердің жаңалығы