ШҚО-да үш көлік өртеніп кетті

27 Желтоқсан 2020, 16:32
1695
Бөлісу:
ШҚО-да үш көлік өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда үш көлік өртенді. Нақтырақ айтсақ, оқыс оқиға Өскемен, Семей қалаларында және Бородулиха ауданында болған. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі 27 желтоқсанда Семейдегі Аэропортовский көшесінде орналасқан жер үйдің ауласында «Daewoo Matiz» көлігінің қозғалтқышы өртенгенін хабарлады.

Сонымен қатар өрт сөндірушілер Өскемендегі Менделеев көшесінде 1992 жылғы «Mazda 626» автокөлігін шарпыған, жалпы ауданы 3 шаршы метрді құраған тілсіз жауды ауыздықтады. 

Бұдан бөлек Бородулиха ауылындағы «Volkswagen Multivan» көлігіндегі өрт сөндірілген. Көлік қозғалтқышында шыққан қызыл жалынның аумағы 2 шарты метрге жетті. Үш оқиғада да өрттің шығу себебі қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудан болуы мүмкін, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Өзгелердің жаңалығы