ШҚО-да түске дейін тұрғындардың 50 пайызы дауыс берді

25 Шілде 2021, 15:35
2143
Бөлісу:
ШҚО-да түске дейін тұрғындардың 50 пайызы дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда сайлау 194 елді мекенде өтуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, сағат 12.00-де сайлаушылардың келуі олардың жалпы санының 50 пайызынан астамын құрап отыр. 

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиевтің айтуынша, сайлау тыныш өтіп жатыр, бұзушылықтар тіркелген жоқ. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері де орын алмаған.

ШҚО бойынша СЭБ департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алин сайлау учаскелерінде санитариялық-эпидемиологиялық нормалар сақталуы тиіс екенін еске салды.

Сайлау учаскесінде сайлау комиссияларының мүшелері мен қатар дене қызуы көтерілген, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның басқа да белгілері бар адамдардың болуына тыйым салынады. Стационарлық және тасымалданатын жәшіктерді ашар алдында санитарлық өңдеу жүргізу қажет. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін, дауыс беруге арналған үй – жайды толық дезинфекциялау қажет болады, - деп атап өтті Ғалымбек Алин.

Өзгелердің жаңалығы