ШҚО-да түрмеге тыйым салынған зат кіргізбек болғандар ұсталды

28 Қараша 2021, 17:40
1128
Бөлісу:
ШҚО-да түрмеге тыйым салынған зат кіргізбек болғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында насыбай мен телефонды түрме қоршауынан асырып лақтырмақ болғандар ұсталды.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға ОВ 156/3 колониясының төңірегінде болған.

49 және 30 жастағы екі адам ұсталды. Бірі сим-карта, карта және бес ұялы телефонды өткізбек болған. Ал екіншісі колонияға 5 бөтелке насыбай кіргізбек болған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды, – деп мәлімдеді мекеме өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы